Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы (2013.21.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 53) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берiліп отырған Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және авиамаршруттарға куәліктер беру қағидалары бекітілсiн. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысымен бекітілген
Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және авиамаршруттарға куәліктер беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн авиамаршрутқа арналған конкурс өткізу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидалары (бұдан әрi - Қағида) белгiлi бiр авиамаршрутта жолаушылар, багаж, жүк және почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнiнде тұрақты авиарейстердi орындау құқығына авиакомпаниялар үшiн конкурс өткізу тәртібін, конкурсқа қатысушылар үшін біліктілік талаптарын, авиамаршруттарға арналған куәлiктi берудiң және қайтарудың тәртібін белгiлейдi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|