Квота бөлу туралы (2015.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 1373 қаулысымен республиканың экономикалық белсенді халқына 0,7 пайыз мөлшерінде белгіленген Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2015 жылға арналған квота облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бөлінсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті: 1) үш жұмыс күнi ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң ресми интернет-ресурсына орналастырсын; 2) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармаларының назарына жеткiзудi қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрi Д.Р. Арғындықовқа жүктелсiн. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015.03.07. № 555 бұйрығымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 2 бұйрығына қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|