Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің, сондай-ақ бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы (2023.12.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Энергетика министрінің 2023.12.04. № 138 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 12 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 7-бабы 21-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаны айқындау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. М. Құсайынов 2014 жылғы 8 желтоқсанда
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|