Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық білім беру жүйесін одан әрі оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер қайта аталсын. 2. 1-тармаққа сәйкес қайта аталатын мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және бекітілген штат санының лимиті шегінде жүргізіледі деп белгіленсін. 3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер таратылсын. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен оның ведомстволарының тізбесінде: «1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі» деген бөлімде: реттік нөмірлері 18, 22, 24, 25-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «18. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Астана қаласы)»; «22. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Теміртау қаласы)»; «24. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Қостанай қаласы). 25. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Ақтау қаласы).»; реттік нөмірлері 19, 20, 21, 23, 26-жолдар алып тасталсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|