ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2016.27.05. № 239 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2023.28.07. № 277 бұйрығымен (2023 ж. 14 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) нұсқаулық жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына 8-қосымша
Шошқаларды бонитирлеу жөніндегі нұсқаулық (2023.14.08. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шошқалардың асыл тұқымды құндылығын бонитирлеу және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және шошқаларға бонитирлеу жүргізуді нақтылайды. 2. Шошқаларды бонитирлеуді бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.
2-тарау. Шошқаларды бонитирлеуді ұйымдастыру және жүргізу
3. Шошқаларды бонитерлеу жыл сайын жүргізіледі. Жануарлардың сырт бітімі, өсуі және өнімділігін бағалау туралы деректер жыл бойы жинақталады. 4. Қабандардың, аналық шошқалардың және мал басын толықтыратын төлдердің дене бітімін бағалау шілде-қазан айларында жүргізіледі. 5. Бонитерлеу нәтижелері бойынша 1 қаңтардағы жай-күй бойынша есеп жасалады. 6. Шоқалар тұқымдары бағыттар және өнімділік деңгейі бойынша мынадай топтарға бөлінеді: бірінші – ірі ақ, украиндық далалық ақ, ұзынқұлақты ақ, латвиялық ақ, литвалық ақ, сібірлік солтүстік, ливендік, кемеровтық, солтүстік-қавказдық, муромдық, брейтовтық, қысқа құлақты ақ тұқымды және цивилдік, сібірлік қара-ала, белорустық қара-ала тұқымды шошқалар топтары; екінші – ландрас, эстондық бекондық, дюрок, үржүмдік, уэль шошқасы; үшінші – миргородтық, украиндық далалық ала, ірі қара, беркшир, семиречен, ақсайлық қара-ала шошқалар тобы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|