Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 363 бұйрығымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ.Жұмағалиевке жүктелсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануға және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 37 бұйрығымен бекітілген
Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мем ұлттық ақпараттық жүйелердің тізбесі
1. «Мекенжай тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 2. «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 3. «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 4. «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 5. «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі. 6. «Электрондық үкімет» веб-порталы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|