Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы
Қызылорда облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 881 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексіне және «Қазақстан Республикасының Су кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Бекітілген жобалық құжаттама негізінде Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының аумақтары шекарасында Сырдария өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері; Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының аумақтары шекарасында Сырдария өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылықта пайдалану режимі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін. 2. Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының әкімдері және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. «Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш аудандары мен Қызылорда қаласы аумағындағы Сырдария өзенінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 299 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4525 нөмірімен тіркелген, «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттерінде 2013 жылғы 17 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|