Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымын, құрамын және мазмұнын бекіту туралы (2015.15.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 14-бап 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Ұсынылып отырған Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымы, құрамы және мазмұны бекітілсін. 2. Экономиканың инфрақұрылымын дамыту департаменті (У.Е.Жазылбек): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын; 2).осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. «Жер-кадастрлық істің құрылымы, құрамы және мазмұны жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2009 жылғы 19 маусымдағы № 103-П бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 46981 тіркелген, 2009 жылғы № 8 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған). 4..Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің вице-министрі Қ.А. Ускенбаевқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 68 бұйрығымен бекітілді
Жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымы, құрамы және мазмұны
1. Жер-кадастрлық істің келесі құрылымы бар: 1) жер-кадастрлық істің сыртқы беті; 2) жер-кадастрлық іске енгізілген құжаттардың тізімі; 3).осы Жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымына, құрамына және мазмұнына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер-кадастрлық іске түсіндірме жазба; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|