Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, пайдаланылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы (2015.15.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 166-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, пайдаланылуын мониторингілеу және бағалау қағидалары бекітілсін. 2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімдік басылымдар мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 196 бұйрығымен бекітілген
Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Байланысты емес гранттарды тарту, пайдалану, мониторингілеуін және пайдаланылуын бағалау қағидалары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына берілетін байланысты емес гранттарды тартуды, пайдалануды, пайдаланылуын мониторингілеу және бағалау тәртібін айқындайды. Қағидалар ізгілік, қайырымдылық, әскери, азық-түліктік көмекті тарту және бөлу рәсімдеріне қолданылмайды. 2. Осы қағидалардың мақсаттары: 1) ашық және тиімді байланысты емес гранттарды тарту және пайдалану процесін қамтамасыз ету; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|