|
Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы (2019.17.06. берілген өзгерістермен)
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 46-21) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріп отырған Жануарларға қарау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 16-02/701 бұйрығымен бекітілген
Жануарларға қарау қағидалары
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.17.06. № 239 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жануарларға қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 46-21) тармақшасына сәйкес әзірленді және жануарларға қарау тәртібін белгілейді. 2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) ауыл шаруашылығы жануарлары - адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрi; 2) биостерилизациялау - жануарларды тұқымдану қабілетінен (репродуктивті қабілетінен) хирургиялық жолмен айыру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|