«Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2014 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берілген «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін. 2. «Қызылорда облысы әкімінің аппараты», «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы», «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемелері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2014 жылғы 7 наурыздағы № 515 қаулысымен бекітілген
«Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Қызылорда облысында мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Басқарманың құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі болып табылады. Басқармаға қатысты субъект құқықтарын, коммуналдық меншік құқықтарын «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі іске асырады. 3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|