Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы (2024.25.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің м.а. 2022.10.03. № 70 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетіне белгіленген заңнамалық тәртіпте: 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін 10 күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Күші жойылды деп танылсын: 1) Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 30 қазандағы № 112 «Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8116 тіркелген, 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 22 (27961) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған); 2) Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 50 «Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 30 қазандағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9103 тіркелген, 2014 жылғы 27 наурыздағы № 59 (28283) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған). 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мәдениет және спорт вице-министрі М.А. Әзілхановқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|