|
Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы туралы (2012.16.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 34-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабы (бұдан әрі - Даңқ Кітабы) тағайындалсын. 2. Қоса беріліп отырған: Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау ережесі; Даңқ Кітабының сипаттамасы бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2012.16.03. № 338 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Даңқ Кітабын қажеттілігіне қарай кейіннен дайындауды және оны «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесіне беруді қамтамасыз етсін. ҚР Үкіметінің 2012.16.03. № 338 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. «Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - «Назарбаев орталығы») Даңқ Кітабын жүргізуге және сақтауға жауапты болып белгіленсін. 5. Қазақстан Республикасы Мәдениет, Байланыс және ақпарат министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3 және 4-тармақтарды қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 3 маусымдағы № 538 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Даңқ Кітабын жүргізу және сақтау ережесі
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|