Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
ҚР Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 483 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы: 1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялауды; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-қорында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова 2015 жылғы _____________
Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 51 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Мемлекеттік тізілім) қалыптастыру және пайдалану мақсатын, тәртібін айқындайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|