Кепілдің және басқа да қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 26 ақпандағы № 25 Қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Кепілдің және басқа да қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидалары бекітілсін. 2. 2013 жыл үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизияларды (резервтерді) қалыптастыру кезінде есептеу мақсатында бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін: 1) провизиялар (резервтер) сомасын есептеу кезінде объектілер құнын айқындауды реттейтін, 2012 жылғы 31 желтоқсанда қолданыста болған және қаржы ұйымының ішкі құжаттарында көрсетілген тәртіпке сәйкес айқындалған; 2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес 2013 жылғы 31 желтоқсанға жасалған жеке жылдық аудиттелген қаржылық есептілікте көрсетілген объектінің құны қолданылатыны белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 64 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8682 тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 233 (28172) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|