«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің қағидаларын бекіту туралы (2020.06.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2020.06.05. № 111 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын; 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын; 4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2019.17.05. № 138 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.06.05. № 111 бұйрығымен (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің қағидалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|