Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 168 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты Ақтөбе облыстық мәслихатының 2015 жылғы 8 маусымдағы № 06-01-02/286 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 106-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3728 тіркелген, 2014 жылғы 21 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің № 8-9 жарияланған) облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 168 «2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 1-тармақта: 1) тармақшасында: кірістер - «122 719 802,9» деген цифрлар «120 991 343,2» деген цифрлармен ауыстырылсын, оның ішінде: салықтық түсімдері бойынша - «35 738 221,8» деген цифрлар «35 573 537,1» деген цифрлармен ауыстырылсын; трансферттер түсімдері бойынша - «85 808 954,1» деген цифрлар «84 245 179,1» деген цифрлармен ауыстырылсын; 2) тармақшасында: шығындар - «128 423 469,9» деген цифрлар «126 745 010,2» деген цифрлармен ауыстырылсын; 4) тармақшасында: қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - «903 490» деген цифрлар «853 490» деген цифрлармен ауыстырылсын. 2) көрсетілген шешімдегі 1-қосымшасы осы шешімдегі 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 255 шешіміне 1-Қосымша
Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 168 шешіміне 1-Қосымша
2014 жылға арналған облыстық бюджет
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|