Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына 4-қосымша
Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022.20.04. № 37 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 230-бабына сәйкес әзірленді және концессиялық жобалар бойынша мемлекет кепілгерлігін беру және мемлекет кепілгерліктерінің көлемін ұлғайту рәсімдерінен өту тәртібін айқындайды. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілгерлік шартына сәйкес концессия шартының шеңберінде тартылған қарыз бойынша қарыз алушының қарыз берушінің алдындағы борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады. Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасы мен ол бойынша сыйақыны қамтиды. 3. Мемлекет кепілгерлігі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимит шегінде, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, тиісті кезеңге мемлекет кепілгерлігімен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар есебінен қаржыландыруға ұсынылатын концессиялық жобалар тізбесіне енгізілген концессиялық жобалар бойынша беріледі. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекет кепілгерлігін беруді көздейтін конкурстық құжаттаманы келісу кезінде концессиялық жоба бойынша концессионерді таңдау жөніндегі конкурс шеңберінде конкурсты ұйымдастырушы ұсынатын мемлекет кепілгерлігінің көлемін және мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты конкурстық құжаттаманың елеулі шарттарын келіседі. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган конкурстық құжаттаманы келісудің нәтижелері бойынша мемлекет кепілгерлігінің көлемін көрсете отырып, кезекті қаржы жылының лимиті шегінде мемлекет кепілгерлігі берілуі мүмкін концессиялық жобалар тізбесінің жобасын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|