|
«Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 37 бұйрығы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 27 мамырдағы № 34 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Концессиялық жобаларды жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 157 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10122 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 155-2 және 230-баптарына және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 және 20-баптарына БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу қағидалары бекітілсін;»; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекет кепілгерліктерін беру немесе көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары бекітілсін;»; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес конкурстық (аукциондық) құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптар;»; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|