Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
ҚР Бас Прокурорының 2016 жылғы 22 маусымдағы № 113 бұйрығымен күші жойылды
Мемлекеттік құқықтық статистикалық жүйені жетілдіру және дамыту, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі және «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңдарын статистикалық қамтамасыз ету мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Құқықтық статистика мен арнайы есепке алудың мүдделі субьектілері осы бұйрықтың тиісті орындалуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтары күші жойылды деп танылсын. 4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты құқықтық статистика мен арнайы есепке алудың мүдделі субьектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бас Прокурорының м.а. 2015 жылғы 20 ақпандағы № 36 бұйрығына 1-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|