Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне осы қаулының қосымшасына сәйкес объектілер бойынша жер учаскелеріне инженерлік желілер мен тораптарды жүргізу мен пайдалану мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін. 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 3 ақпандағы № 168 қаулысына қосымша
1. 5-кварталдағы жалпы алаңы 1,1608 гектар 1-үйде орналасқан «Қостанай қаласының Қонай тұрғын алабындағы тұрғын үйді абаттандыру»; 2. 5-кварталдағы жалпы алаңы 0,8950 гектар 2-үйде орналасқан «Қостанай қаласының Қонай тұрғын алабындағы тұрғын үйді абаттандыру»; 3. 5-кварталдағы жалпы алаңы 1,0131 гектар 3-үйде орналасқан «Қостанай қаласының Қонай тұрғын алабындағы тұрғын үйді абаттандыру»; 4. 14-кварталдағы жалпы алаңы 0,7575 гектар 1-үйде орналасқан «Қостанай қаласының Қонай тұрғын алабындағы тұрғын үйді абаттандыру»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|