Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін. 1) 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының он сегізінші, он тоғызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші абзацтарын, 2-тармағының сексен екінші, сексен үшінші, сексен төртінші, сексен бесінші абзацтарын, 3-тармағының он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші абзацтарын, 4-тармағының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші абзацтарын және Тізбеге 2-қосымшаның 2-тармағын қоспағанда; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|