«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 162 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 34 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 162 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13701 болып тіркелген, 2016 жылғы 31 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ашық деректер тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын. 2. Ішкі әкімшілендіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|