Пана іздеген адамдар жаппай ағылып келген кезде оларды уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау мен орналастыру қағидаларын бекіту туралы (2024.31.08. берілген өзгерістермен)
«Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Пана іздеген адамдар жаппай ағылып келген кезде оларды уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау мен орналастыру қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 554 қаулысымен бекітілген
Пана іздеген адамдар жаппай ағылып келген кезде оларды уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау мен орналастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Пана іздеген адамдар жаппай ағылып келген кезде оларды уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау мен орналастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және пана іздеген адамдар жаппай ағылып келген кезде уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау мен орналастыру тәртібін айқындайды. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы (бұдан әрі - Мемлекеттік шекара) арқылы жаппай өткен кезде пана іздеген адамдарды уақытша қоныстандыру пункттерінде қабылдау мен орналастыру мақсатында шекара маңындағы облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) ішкі істер, азаматтық қорғау, денсаулық сақтау және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне уақытша қоныстандыру пункттерін айқындау жөнінде ұсыныс енгізеді. ҚР Үкіметінің 2024.15.08. № 655 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (2024 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|