Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы (2020.17.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 11 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.24.04. № 417 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 99-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.24.04. № 417 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары бекітілсін. ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020.24.04. № 417 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды ұйымдастырушы болып айқындалсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Ерғожин Д. Е.) заңмен бекітілген тәртіпке сәйкес: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|