«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2020 - 2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 22 шілдедегі № 46/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 - 2019, 2019 - 2020, 2020 - 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 22 шілдедегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2020 - 2021 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» № 46/01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5961 болып тіркелген, 2020 жылғы 27 шілдеде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын. 2. «Қарағанды облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|