|
|
|
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы №17 Қаулысы
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі – КВИ) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСД № 2 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) Қазақстан Республикасында халықты коронавирус инфекциясына қарсы профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу алгоритмінің (бұдан әрі – Алгоритм) 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «6. Профилактикалық екпелерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-146/2020 бұйрығына сәйкес профилактикалық екпелерге тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жатпайды. КВИ-ге қарсы вакцинацияның бірінші дозасын енгізуге ерекше күшті реакция дамыған жағдайларда вакцинацияны вакцинаның осы түрімен аяқтау жүргізілмейді. Бұл ретте 3 айдан кейін егілушінің қалауы бойынша КВИ-ге қарсы вакцинаның басқа түрін қолдана отырып, вакцинацияның толық курсын қайталап жүргізуге болады.»; 2) Алгоритмнің 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «14. КВИ-мен ауырып сауыққан адамдарды вакцинациялау: - КВИ-дің кез келген түрімен ауырып сауыққан адамдар сауыққаннан кейін 3-6 айдан соң, вакцинациялау алдындағы жай-күйін бағалауды ескере отырып, вакцинациялаудың бір курсымен КВИ-ге қарсы егілуі мүмкін; - КВИ бойынша жоғары тәуекел тобына жататын созылмалы аурулары бар адамдарды КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсымен егу ұсынылады; - КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші дозасын алғаннан кейін ауырған адамдар сауыққаннан кейін 3 айдан соң вакцинацияның екінші дозасымен егілуіне болады. Бұл ретте, егер азамат КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші дозасын алған күннен бастап 21 күнге дейін КВИ-мен ауырса (ауру белгілері пайда болған күн бойынша), онда вакцинаның екінші дозасы енгізіледі және вакцинация курсы аяқталады. Егер азамат КВИ-ға қарсы вакцинаның бірінші дозасын алған күннен бастап 21-ші күні және одан кейін КВИ-мен ауырса (ауру белгілері пайда болған күн бойынша), онда вакцинаның екінші дозасы енгізілмеуі мүмкін және вакцинация курсы аяқталады.»; 3) Алгоритмнің 17-25-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «17. Шетелге шығатын адамдарға растайтын құжаттар ұсынылған кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналармен КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайтадан жүргізуге жол беріледі. Бұл ретте, вакцинаны таңдау сапарға шығу жоспарланған елдің талаптарына байланысты жүргізіледі. КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайта жүргізуге егілетін адамның немесе оның заңды өкілдерінің профилактикалық егулер курсын қайта жүргізуге ерікті түрде хабардар етілген келісімін алғаннан кейін ғана осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша түрде жол беріледі. КВИ-ға қарсы соңғы екпе мен КВИ-ға қарсы вакцинацияның қайталама толық курсы арасындағы аралық кемінде 3 ай деп ұсынылады. 18. Егер дозалар арасындағы аралық 3 айдан аспаған болса, алынған ревакцинацияны вакцинациялаудың толық курсын қайта жүргізу кезінде КВИ-ға қарсы профилактикалық егулердің бірінші дозасы ретінде есепке алуға жол беріледі. 19. Халықты вакцинациялау аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде, арнайы контингентті вакцинациялау тиісті ведомствоның қызмет орны бойынша жүргізіледі. Халық үшін вакцинациялаудың қолжетімділігін арттыру және егу процесін жеңілдету мақсатында жылжымалы егу пункттері немесе көшпелі егу бригадалары ұйымдастырылады. 20. Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарды вакцинациялау үшін КВИ-ға қарсы вакцинациялауды үйге барып жүргізу ұйымдастырылады. 21. Иммунизациялауға жататын адамдардың санына сәйкес егу бригадаларының, медицина қызметкерлерінің, оның ішінде иммунологтардың, жалпы практика дәрігерлерінің, терапевтердің, орта медицина персоналының, медициналық білімі бар тіркеушілердің қажетті саны, вакцинаның, басқа да шығыс материалдарының, тоңазыту жабдығының, автокөліктің саны есептеледі. 22. Егу бригадасы әрбір егу пунктінде құрылады. 1 егу бригадасының құрамына 1 дәрігер, 1 егу мейіргері және қажет болған жағдайда 1 тіркеуші кіреді. Ауылдық жерлерде құрамында: 1 фельдшер (дәрігер болмаған жағдайда), 1 егу мейіргері, 1 қажет болған жағдайда тіркеуші бар егу бригадасын ұйымдастыруға жол беріледі. 23. Білім беру ұйымдарындағы егу пункттері жасөспірімдердің шоғырлануын болдырмайтын егілетін адамдардың тұрақты бір жақты ағынын қамтамасыз ете отырып ұйымдастырылады. 24. Иммундауды дайындау және жүргізу жөніндегі іс-шараларды жедел жоспарлау және үйлестіру үшін облыстық, қалалық және аудандық штабтар құрылады. 25. Жүргізілген профилактикалық егулер белгіленген есепке алу нысандарында (КВИ-ға қарсы профилактикалық егулерді есепке алудың жеке журналына, КМАЖ-ге, ҚР ДСМ ХТР «Вакцинация» модуліне (бұдан әрі – Модуль)) профилактикалық егулерді жүргізу күнін, егулердің түрін (I немесе II компонент, ревакцинация), препарат өндірушіні, вакцинаға реакцияны көрсете отырып тіркеледі.»; 4) Алгоритмнің 30-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «30. «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Модульдің деректері негізінде Комитетке өңірлер бөлінісінде жүргізілген егулер туралы жиынтық ақпаратты күн сайын сағат 16.00-ге дейін ұсынады.»; 5) Алгоритмнің 104-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «104. «Комирнати» вакцинасын (Пфайзер) қолдана отырып, КВИ-ға қарсы вакцинациялауға 12 жастан асқан адамдар, оның ішінде Қазақстанның аумағында 3 және одан да астам ай тұрып жатқан шетелдік азаматтар жатады. Шетелде «Комирнати» вакцинасының (Пфайзер) бірінші дозасын алған адамдар Қазақстанда «Комирнати» вакцинасымен (Пфайзер) вакцинация курсын аяқтай алады.»; 6) Алгоритмнің 131-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «131. КВИ-ға қарсы бастапқы вакцинацияның толық курсы бар КВИ-мен ауырып сауыққан адамдарды КВИ-ға қарсы ревакцинациялау ревакцинация алдындағы жай-күйін бағалауды ескере отырып, сауыққаннан кейін 3-6 айдан соң жүргізіледі.»; 7) Алгоритмнің 133-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «133. Халықтың барлық топтарына ревакцинация жүргізу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналарды қоса алғанда, ҚР-да КВИ-ға қарсы вакциналау үшін қолданылатын бірінші және екінші компоненттерге ұқсас вакциналар пайдаланылуы мүмкін.»; 8) Алгоритмнің 153 және 154-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «153. Авторизация кезінде Модульде 7 рөл бар: дәрігер, егу мейіргері, фармаколог, ДСБ қызметкері, әкімші, фельдшер, қонақ. 154. Авторизациядан кейін Модульде медицина қызметкеріне (дәрігер және фельдшер рөлдері) мынадай қосымша беттерге қолжетімді: дәрігердің кестесі, пациент туралы жалпы ақпарат, тарату.»; 9) Алгоритмнің 157-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «157. Вакцинация жүргізу жоспарын медицина қызметкері вакцинация жоспарының атауын, вакцинация түрін таңдау және процедураның уақыты мен күнін көрсете отырып күнтізбені ашу арқылы жасайды.»; 10) Алгоритмнің 156-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «166. КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізуге тартылған медициналық ұйымдар: 1) Модульге растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда шетелде КВИ-ға қарсы екпе алған, КВИ-ды жұқтыру қаупі жоғары Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан аумағында 3 және одан көп ай тұратын шетел азаматтарын КВИ-ға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау туралы мәліметтерді енгізеді; 2) Модульге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – ҚР БҒМ) растайтын ақпаратын ұсынған жағдайда клиникалық зерттеулер шеңберінде «QazCovid-in» («QazVac») вакцинасымен КВИ-ға қарсы екпе алған Қазақстан Республикасының азаматтары КВИ-ға қарсы вакцинациялау туралы мәліметтерді енгізеді; 3) Модульге ҚР БҒМ-ның растайтын ақпаратын ұсынған жағдайда «QazCovid-in» («QazVac») вакцинасымен КВИ-ға қарсы екпе алған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерін КВИ-ға қарсы вакцинациялау туралы мәліметтерді енгізеді. 4) Модульге жеке басын куәландыратын құжаты жоқ (жеке сәйкестендіру нөмірінсіз) егілген Қазақстан Республикасының азаматтары жөніндегі деректерді енгізеді; 5) Модульге растайтын құжаттарының негізінде КВИ-ға қарсы вакцинация курсын шетелде бастаған Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан аумағында 3 және одан да астам ай тұратын шетел азаматтарын Қазақстан Республикасында қолданылатын вакциналармен КВИ-ға қарсы вакцинациялау курсын (бастапқы, қайталама) аяқтау бойынша деректерді енгізеді; 6) Модульге шетелде КВИ-ға қарсы ревакцинация алғаны туралы құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан аумағында 3 және одан көп ай тұратын шетел азаматтарына Қазақстан Республикасында КВИ-ға қарсы жүргізілген ревакцинация туралы деректерді енгізеді.»; 11) Алгоритмнің 168-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізу нәтижелері бойынша осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Модульде «Вакцинациядан өткені туралы анықтама» қалыптастырылады.»; 12) Қазақстан Республикасында халықты коронавирус инфекциясына қарсы профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу алгоритміне 5-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жазылсын. 13) Коронавирус инфекциясының профилактикасы бойынша вакциналарды сақтау және тасымалдау регламентінің 88-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Комирнати» вакцинасы бар құтылар сақталған кезде әрқашан тік жағдайда болуы тиіс.». 2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы №17 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасында халықты коронавирус инфекциясына қарсы профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу алгоритміне 5-қосымша
»
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |