Өскемен қалалық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 32/2-VII «Өскемен қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Өскемен қалалық мәслихатының «Өскемен қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 32/2-VII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 176851 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2023-2025 жылдарға арналған қаланың бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2023 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 99 222 410,3 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер – 49 346 848,3 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 416 902,5 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 937 405,0 мың теңге; трансферттердің түсімдері – 43 521 254,5 мың теңге; 2) шығындар – 102 941 393,1 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – -8 805,0 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер – 0,0мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 8 805,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 562 347,2 мың теңге, соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 572 074,0 мың теңге; мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 9 726,8 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -4 272 525,0 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 4 272 525,0 мың теңге; қарыздар түсімі – 8 093 425,0 мың теңге; қарыздарды өтеу – 5 955 791,0 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2 134 891,0 мың теңге.»; 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. Өскемен қаласының 2023 жылға арналған жергілікті атқарушы органының резерві 385 443,0 мың теңге сомасында бекітілсін.»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|