Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының республикалық мемлекеттік кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсіпорын) осы қаулының қосымшасына сәйкес қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы кәсіпорындарға және «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының базалық дәріханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) кәсіпорындар мен «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының базалық дәріханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жарғыларына тиісті өзгерістерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін; 2) кәсіпорындардың мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» деген бөлімде: реттік нөмірлері 107, 108, 109, 114-1 және 114-2-жолдар алынып тасталсын; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 296, 297, 298, 299, 300-жолдармен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|