Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы (2018.07.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрінің 2016.22.11. № 609 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 23-2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Біліктілік емтиханын өткізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Премьер-Министрі Орынбасарының - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығымен бекітілген
Біліктілік емтиханын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2016.22.11. № 609 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Бұл Біліктілік емтиханын өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 15-бабы 23-2)-тармақшасына сәйкес әзірленген және біліктілік емтиханын өткізу тәртібін айқындайды. ҚР Қаржы министрінің 2018.07.06. № 585 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|