«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» (2008.15.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2018 жылғы 10 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ертіс», «Жетісу» және «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 320 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум; 2) «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум; 3) «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 19 мамырдағы № 392 қаулысымен Бекітілген
«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум
1. Құру мақсаты
ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 752 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара) «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлік әдіс негізінде бірыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшін қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңірлерді әлеуметтік дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның ішінде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысу жолымен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарын экономикалық дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ға мыналар берілетін болады: жарғылық капиталды капиталдандыру үшін қаржылай қаражат; инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелері; жер қойнауын пайдалану құқығы; пайдаланылуына ақы төлеу есебінен кірістерді жинақтауға қабілетті инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер; мемлекеттік меншіктегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілері; акционерлік қоғамдардың акциялары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестері және мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - ұйымдар).
2. «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары
«Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қызметі айқындылық, кешенділік және басымдылық қағидаттарына негізделетін болады. Айқындылық қағидаты корпоративтік басқарудың ашық жүйесін құруды және менеджерлердің жауапкершілігін, қаржы ресурстарының тиімді пайдаланылуына тиісті бақылауды болжамдайды. Осы қағидатты іске асыру үшін мінсіз іскерлік беделі бар кәсіби менеджерлерді тарта отырып, тәуелсіз директорлар институты белсенді түрде пайдаланылатын болады. Кешенділік қағидаты белгілі бір операцияларда және/немесе қызмет түрлерінде ұйымдардың мамандануын қолдаудың әр түрлі көздері мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттік секторларының бастамаларын теңгерімді қолдау жүзеге асырылатынын білдіреді. Басымдылық қағидаты іске асырылатын жобаларды дайындау және таңдау жөніндегі жұмыста тиісті өңірдің әлеуметтік маңызды проблемаларын шешу көрсетілетін жобаларға басымдық берілетінін білдіреді.
3. «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның міндеттері
«Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ны құру мақсатына қол жеткізу мынадай негізгі міндеттерді шешуге негізделетін болады: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларының, индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясының ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің (бұдан әрі - Мамандандырылған кеңес) ұсынымдары негізінде мақсаттар мен міндеттерге ұйымдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету; мемлекеттік активтерді басқарудың тиімді жүйесін құру; өңірлерде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын енгізу; мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірістерді құру; инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгізу үшін қолайлы орта қалыптастыру; бизнес-жобаларды, оның ішінде концессиялар мен кластерлік бастамалар негізінде іске асыру; шағын және орта бизнесті дамыту үшін институционалдық жағдайлар жасау; өңірлік әлеуметтік проблемаларды шешуге пайданы бағыттау; мемлекеттік активтер мен кәсіпкерлік бастаманы шоғырландыру жолымен өңірлердің серпінді дамуын қамтамасыз ету; өңірдің ішкі және сыртқы нарықтардағы экономикалық беделін жылжыту; кластерлік өндірісті дамыту және жаңа технологияларды енгізу жолымен шағын және орта кәсіпкерліктің өнімділігін арттыру; мемлекеттік кәсіпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негізінде жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер мен технологияларды дамыту; бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды іске асыру үшін жағдайлар жасау. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешуді «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ меншікті және бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ»«Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ға берілген ұйымдардың қызметіне қатысу жолымен жүзеге асыратын болады.»«Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қызметі меншікті, шетелдік және отандық жеке капиталдың қатысуымен бірлескен жобаларды іске асыру арқылы жеке бизнесті қолдауға бағытталатын болады, бұл ретте құрылатын бірлескен кәсіпорындардың жарғылық капиталына ӘКК-нің қатысу үлесі 49%-дан аспауы тиіс.
4. «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның функциялары
Ұйымдардың жалпы жиналыстары және Директорлар кеңестері арқылы оларды корпоративтік басқаруды жүзеге асыру шеңберінде «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның негізгі функциялары мыналар болып табылады: Мамандандырылған кеңестің ұсынымдары негізінде ұйымдар үшін мақсаттар қою; ұйымдардың қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған орта мерзімді бизнес-жоспарларын, инвестициялық бағдарламалары мен жылдық бюджеттерін бекіту; жеке сектордың бастамаларын іске асыруға бөлінетін ақша қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылау; ұйымдардың басшыларын іріктеу және уәждеу.
5. «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ны басқару мәселелері
Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан мемлекет «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы айқындалады. «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің (орталық атқарушы органдардың), Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары әкімдіктерінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы кіреді. «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құзыретіне мыналар кіреді: «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің басым бағыттарын айқындау; «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің мақсаттарын қою; «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның бюджетін бекіту; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер. «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қызметін қаржыландыру заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты, инвестициялық кредиттер, гранттар немесе өзге де кірістер есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.11.06. № 576 қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган - Мамандандырылған кеңес арқылы жүзеге асырылады, оны құру туралы шешімді және оның қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқаратын Мамандандырылған кеңестің құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың басшылары кіреді. Мамандандырылған кеңес екі жылда бір рет орта мерзімді негізде ұйымдарды басқару жөніндегі негіз қалаушы мақсаттар мен міндеттер бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады және мақсаттарға қол жеткізу мен қаржылық нәтижелерді бағалауды жүргізеді. Мамандандырылған кеңес өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады және екі жылда кемінде бір рет отырыс өткізеді. Мамандандырылған кеңестің қызметші ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етуді Мамандандырылған кеңестің қызметі туралы ережеде айқындалған жұмыс органы жүзеге асырады. Ұйымдардың қызметіне олардың бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын орындауына негізделмеген мемлекеттік органдардың араласуына жол берілмейді.
7. «Ертіс» ӘКК» ҰҚ» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар
«Ертіс» ӘКК» ҰҚ» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетілген функцияларымен айқындалады. Бұл ретте «Ертіс» ӘКК» ҰҚ» АҚ-ның ұйымдар қызметіне әсері акционер функцияларын жүзеге асыру және ұйымдардың тиісті директорлар кеңестерінде өкілдік ету, сондай-ақ ұйымдарға қатысу функциясы арқылы корпоративтік басқару шеңберінде шектеледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 19 мамырдағы № 392 қаулысымен бекітілген
«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум
1. Құру мақсаты
ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 752 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара) «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлік әдіс негізінде бірыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшін қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңірлерді әлеуметтік дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның ішінде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысу жолымен Алматы облысын және Алматы қаласын экономикалық дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ға мыналар берілетін болады: жарғылық капиталды капиталдандыру үшін қаржылай қаражат; инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелері; жер қойнауын пайдалану құқығы; пайдаланылуына ақы төлеу есебінен кірістерді жинақтауға қабілетті инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер; мемлекеттік меншіктегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілері; акционерлік қоғамдардың акциялары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестері және мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - ұйымдар).
2. «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары
«Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қызметі айқындылық, кешенділік және басымдылық қағидаттарына негізделетін болады. Айқындылық қағидаты корпоративтік басқарудың ашық жүйесін құруды және менеджерлердің жауапкершілігін, қаржы ресурстарының тиімді пайдаланылуына тиісті бақылауды болжамдайды. Осы қағидатты іске асыру үшін мінсіз іскерлік беделі бар кәсіби менеджерлерді тарта отырып, тәуелсіз директорлар институты белсенді түрде пайдаланылатын болады. Кешенділік қағидаты белгілі бір операцияларда және/немесе қызмет түрлерінде ұйымдардың мамандануын қолдаудың әр түрлі көздері мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттік секторларының бастамаларын теңгерімді қолдау жүзеге асырылатынын білдіреді. Басымдылық қағидаты іске асырылатын жобаларды дайындау және таңдау жөніндегі жұмыста тиісті өңірдің әлеуметтік маңызды проблемаларын шешу көрсетілетін жобаларға басымдық берілетінін білдіреді.
3. «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның міндеттері
«Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ны құру мақсатына қол жеткізу мынадай негізгі міндеттерді шешуге негізделетін болады: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларының, индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясының ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің (бұдан әрі - Мамандандырылған кеңес) ұсынымдары негізінде мақсаттар мен міндеттерге ұйымдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету; мемлекеттік активтерді басқарудың тиімді жүйесін құру; өңірлерде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын енгізу; мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірістерді құру; инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгізу үшін қолайлы орта қалыптастыру; бизнес-жобаларды, оның ішінде концессиялар мен кластерлік бастамалар негізінде іске асыру; шағын және орта бизнесті дамыту үшін институционалдық жағдайлар жасау; өңірлік әлеуметтік проблемаларды шешуге пайданы бағыттау; мемлекеттік активтер мен кәсіпкерлік бастаманы шоғырландыру жолымен өңірлердің серпінді дамуын қамтамасыз ету; өңірдің ішкі және сыртқы нарықтардағы экономикалық беделін жылжыту; кластерлік өндірісті дамыту және жаңа технологияларды енгізу жолымен шағын және орта кәсіпкерліктің өнімділігін арттыру; мемлекеттік кәсіпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негізінде жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер мен технологияларды дамыту; бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды іске асыру үшін жағдайлар жасау. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешуді «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ меншікті және бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ға берілген ұйымдардың қызметіне қатысу жолымен жүзеге асыратын болады. «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қызметі меншікті, шетелдік және отандық жеке капиталдың қатысуымен бірлескен жобаларды іске асыру арқылы жеке бизнесті қолдауға бағытталатын болады, бұл ретте құрылатын бірлескен кәсіпорындардың жарғылық капиталына ӘКК-нің қатысу үлесі 49%-дан аспауы тиіс.
4. «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның функциялары
Ұйымдардың жалпы жиналыстары және Директорлар кеңестері арқылы оларды корпоративтік басқаруды жүзеге асыру шеңберінде «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның негізгі функциялары мыналар болып табылады: Мамандандырылған кеңестің ұсынымдары негізінде ұйымдар үшін мақсаттар қою; ұйымдардың қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған орта мерзімді бизнес-жоспарларын, инвестициялық бағдарламалары мен жылдық бюджеттерін бекіту; жеке сектордың бастамаларын іске асыруға бөлінетін ақша қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылау; ұйымдардың басшыларын іріктеу және уәждеу.
5. «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ны басқару мәселелері
Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан мемлекет «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы айқындалады. «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің (орталық атқарушы органдардың), Алматы облысы және Алматы қаласы әкімдіктерінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы кіреді. «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құзыретіне мыналар кіреді: «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің басым бағыттарын айқындау; «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің мақсаттарын қою; «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның бюджетін бекіту; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер. «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қызметін қаржыландыру заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты, инвестициялық кредиттер, гранттар немесе өзге де кірістер есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.11.06. № 576 қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган - Мамандандырылған кеңес арқылы жүзеге асырылады, оны құру туралы шешімді және оның қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқаратын Мамандандырылған кеңестің құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың басшылары кіреді. Мамандандырылған кеңес екі жылда бір рет орта мерзімді негізде ұйымдарды басқару жөніндегі негіз қалаушы мақсаттар мен міндеттер бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады және мақсаттарға қол жеткізу мен қаржылық нәтижелерді бағалауды жүргізеді. Мамандандырылған кеңес өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады және екі жылда кемінде бір рет отырыс өткізеді. Мамандандырылған кеңестің қызметін ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етуді Мамандандырылған кеңестің қызметі туралы ережеде айқындалған жұмыс органы жүзеге асырады. Ұйымдардың қызметіне олардың бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын орындауына негізделмеген мемлекеттік органдардың араласуына жол берілмейді.
7. «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар
«Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ мен ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынастар оның жоғарыда көрсетілген функцияларымен айқындалады. Бұл ретте»«Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ-ның ұйымдар қызметіне әсері акционер функцияларын жүзеге асыру және ұйымдардың тиісті директорлар кеңестерінде өкілдік ету, сондай-ақ ұйымдарға қатысу функциясы арқылы корпоративтік басқару шеңберінде шектеледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 19 мамырдағы № 392 қаулысымен Бекітілген
«Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум
1. Құру мақсаты
ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 752 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара) «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ) құрудың мақсаты мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлік әдіс негізінде бірыңғай экономикалық нарықты құру, инвестициялар мен инновациялар тарту үшін қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңірлерді әлеуметтік дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның ішінде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысу жолымен Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарын экономикалық дамытуға жәрдемдесу болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ға мыналар берілетін болады: жарғылық капиталды капиталдандыру үшін қаржылай қаражат; инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелері; жер қойнауын пайдалану құқығы; пайдаланылуына ақы төлеу есебінен кірістерді жинақтауға қабілетті инфрақұрылым объектілері, инженерлік коммуникациялар мен желілер; мемлекеттік меншіктегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектілері; акционерлік қоғамдардың акциялары, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестері және мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - ұйымдар).
2. «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары
«Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қызметі айқындылық, кешенділік және басымдылық қағидаттарына негізделетін болады. Айқындылық қағидаты корпоративтік басқарудың ашық жүйесін құруды және менеджерлердің жауапкершілігін, қаржы ресурстарының тиімді пайдаланылуына тиісті бақылауды болжамдайды. Осы қағидатты іске асыру үшін мінсіз іскерлік беделі бар кәсіби менеджерлерді тарта отырып, тәуелсіз директорлар институты белсенді түрде пайдаланылатын болады. Кешенділік қағидаты белгілі бір операцияларда және/немесе қызмет түрлерінде ұйымдардың мамандануын қолдаудың әр түрлі көздері мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттік секторларының бастамаларын теңгерімді қолдау жүзеге асырылатынын білдіреді. Басымдылық қағидаты іске асырылатын жобаларды дайындау және таңдау жөніндегі жұмыста тиісті өңірдің әлеуметтік маңызды проблемаларын шешу көрсетілетін жобаларға басымдық берілетінін білдіреді.
3. «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ның міндеттері
«Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ны құру мақсатына қол жеткізу мынадай негізгі міндеттерді шешуге негізделетін болады: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларының, индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының және Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясының ережелерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің (бұдан әрі - Мамандандырылған кеңес) ұсынымдары негізінде мақсаттар мен міндеттерге ұйымдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету; мемлекеттік активтерді басқарудың тиімді жүйесін құру; өңірлерде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын енгізу; мемлекеттік-жеке әріптестік негізінде бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірістерді құру; инвестицияларды тарту мен инновацияларды енгізу үшін қолайлы орта қалыптастыру; бизнес-жобаларды, оның ішінде концессиялар мен кластерлік бастамалар негізінде іске асыру; шағын және орта бизнесті дамыту үшін институционалдық жағдайлар жасау; өңірлік әлеуметтік проблемаларды шешуге пайданы бағыттау; мемлекеттік активтер мен кәсіпкерлік бастаманы шоғырландыру жолымен өңірлердің серпінді дамуын қамтамасыз ету; өңірдің ішкі және сыртқы нарықтардағы экономикалық беделін жылжыту; кластерлік өндірісті дамыту және жаңа технологияларды енгізу жолымен шағын және орта кәсіпкерліктің өнімділігін арттыру; мемлекеттік кәсіпорындарды оңалту, қайта құрылымдау, олардың негізінде жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер мен технологияларды дамыту; бизнес-жобалардың базасын қалыптастыру, қаржыландыру және оларды іске асыру үшін жағдайлар жасау. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешуді «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ меншікті және бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ға берілген ұйымдардың қызметіне қатысу жолымен жүзеге асыратын болады. «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қызметі меншікті, шетелдік және отандық жеке капиталдың қатысуымен бірлескен жобаларды іске асыру арқылы жеке бизнесті қолдауға бағытталатын болады, бұл ретте құрылатын бірлескен кәсіпорындардың жарғылық капиталына ӘКК-нің қатысу үлесі 49%-дан аспауы тиіс.
4. «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ның функциялары
Ұйымдардың жалпы жиналыстары және Директорлар кеңестері арқылы оларды корпоративтік басқаруды жүзеге асыру шеңберінде «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ-ның негізгі функциялары мыналар болып табылады: Мамандандырылған кеңестің ұсынымдары негізінде ұйымдар үшін мақсаттар қою; ұйымдардың қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған орта мерзімді бизнес-жоспарларын, инвестициялық бағдарламалары мен жылдық бюджеттерін бекіту; жеке сектордың бастамаларын іске асыруға бөлінетін ақша қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылау; |