Ақмола облысы әкімдігінің 2018.17.05. № А-5/220 Қаулысымен күші жойылды
Ақмола облысы әкімдігінің 2016.21.04. № А-5/188 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадығы № А-11/534 қаулысымен бекітілген
«Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2016.30.12. берілген өзгерістермен)
1. «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 2) көрсетілетін қызметті беруші; 3) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі - ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде. 3. Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау немесе тағайындауға бас тарту туралы хабарлама мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|