Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 352 «Облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстері мен атауларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қостанай облысы әкімдігінің «Облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстері мен атауларын бекіту туралы» 2015 жылғы 14 тамыздағы № 352 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5884 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
2021 жылғы 18 қарашадағы № 524 қаулысына қосымша
Әкімдіктің 2015 жылғы 14 тамыздағы № 352 қаулысына қосымша
Облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстері мен атаулары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|