Саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
2020 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжановтың төрағалығымен саламатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі жаңа тәсілдерді әзірлеу жөніндегі кеңес хаттамасының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бір жұмыс күн ішінде: 1) оны жұмыс тобы мүшелерінің назарына жеткізсін; 2) оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Жұмыс тобы 2021 жылғы 15 қаңтарға дейін халықты жаппай сауықтыруға бағытталған саламатты өмір салтын ілгерілетудің жаңа тәсілдері жөніндегі ұлттық жобаның тұжырымдамасы мен оны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне енгізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығына қосымша
Саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жаңа тәсілдерді әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|