Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық-сараптама кеңесі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіндегі ұйымдастырушылық-штаттық өзгерістерге байланысты, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Ішкі icтep министрлігінің Техникалық-сараптама кеңесі туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Ішкі icтep министрлігінің Техникалық-сараптама кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 821 бұйрығының күші жойылсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры Ж.Қ. Сүлейменовке және Қазақстан Республикасы Ішкі icтep министрлігінің Тыл департаментіне (Қ.Ә. Сұлтанбаев) жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 226 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Жалпы ережелер
1. Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) Техникалық-сараптама кeңeci (бұдан әpi - Кеңес) арттехқару-жарақ мүлкін, көлік және арнайы құралдарын, тыл жабдықтарын, өрт және апаттан құтқару техникасы мен жабдықтарын, өрт сынау жабдықтары мен аспаптарын, қадағалау және бақылау құралдарын, криминалистикалық және арнайы техниканы, күзет жүйелерін, ақпараттық технологияларды, радио және сымды байланыс құралдарын сатып алу, күрделі құрылыс жүргізу, сондай-ақ бюджеттік қаражатты ұтымды пайдалану саласында ішкі icтep органдарының қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін алқалы консультативтік-кеңесші орган құқығындағы тұрақты жұмыс істейтін комиссия болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|