|
|
|
Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 64/2-VI «Өскемен қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 14 шілдедегі № 8/2-VII шешімі
Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Өскемен қалалық мәслихатының «Өскемен қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 64/2-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8144 нөмірімен тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Қаланың 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес тиісінше, соның ішінде 2021 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 75 502 078,5 мың теңге, соның ішінде: салықтық түсімдер - 38 796 713,9 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 270 220,7 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 13 948 206,0 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 22 486 937,9 мың теңге; 2) шығындар - 68 496 551,1 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 4 376,0 мың теңге, соның ішінде: бюджеттік кредиттер - 4 376,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 340 050,0 мың теңге, соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 341 850,0 мың теңге; мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 800,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - 6 661 101,4 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 6 661 101,4 мың теңге; қарыздар түсімі - 6 365 394,0 мың теңге; қарыздарды өтеу - 13 275 881,0 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 249 385,6 мың теңге.»; 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. Өскемен қаласының 2021 жылға арналған жергілікті атқарушы органының резерві 243 513,0 мың теңге сомасында бекітілсін.»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |