Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы (2023.29.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 3 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.23.04. № 179 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 27-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Білім және ғылым министрінің 2021.23.04. № 179 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары осы бұйрықпен білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарын сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|