Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісім (Нұр-Сұлтан қ., 2021 жылғы 12 шілде)
ҚР 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 80-VII Заңымен ратификацияланды
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Тараптар) қалыптасқан өзара достық қарым-қатынастарды және әскери саладағы ынтымақтастықты күшейтуге ниет білдіре отырып, 1999 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісімнің ережелерін ескере отырып, Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін нығайту мақсатында төмендегілер туралы келісті:
Тәжік-ауған шекарасына іргелес аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Тарапы Тәжікстан Тарапына әскери мүлікті өтеусіз беру түрінде әскери-техникалық жәрдем көрсетеді. Әскери мүліктің атаулары мен көлемін осы Келісімге қол қойылғаннан кейін 2 ай мерзімде Тараптардың уәкілетті органдары дипломатиялық арналар арқылы келіседі. Тәжікстан Тарапы Қазақстан Тарапынан алған әскери мүлікті тек осы Келісім мақсатында пайдаланады және үшінші тарапқа бермейді.
Осы Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар: Қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі; Тәжікстан Тарапынан - Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып табылады. Уәкілетті органдардың атауы немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|