«Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2012 жылғы 29 маусымдағы № 89/1 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 7 наурыздағы № 77 бұйрығы
«Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 1-тармағы 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2012 жылғы 29 маусымдағы № 89/1 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7820 болып тiркелген, 2012 жылғы 25 тамыздағы «Казахстанская правда» газетінің № 286-287 (27105-27106) санында, «Егемен Қазақстан» газетінің № 551-556 (27629) санында жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидалары бекiтiлсiн.»; көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Телерадио хабарларын тарату операторларының қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитеті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|