|
Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы
Осы редакция 2023 жылғы 27 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 21-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрыққа қосымша
Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі-Өлшемшарттар) білім беру ұйымдарының білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру кезінде оларды пайдалану мақсатында «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 21-2) тармақшасына сәйкес әзірленді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|