«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Біріктірілген деректер банкінің бастамашылық сәйкестіктері бойынша хабарламаларды өңдеу регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 30 қазандағы № 578 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ішкі істер министрлігінің Біріктірілген деректер банкін пайдалану кезінде мүдделі қызметтердің өзара іс-қимылын арттыру, сондай-ақ қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыру, қылмыстарды ашу және болдырмау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Біріктірілген деректер банкінің бастамашылық сәйкестіктері бойынша хабарламаларды өңдеу регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 30 қазандағы № 578 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін. 1-тараудың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «ІІО қызметі БДБ-ның мәліметтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің, ІІО-ның мүдделі қызметтерінің қызметтерін регламенттейтін ІІМ-нің қолданыстағы бұйрықтарының, осы Регламенттің, БДБ-ның қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.»; 1-тараудың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «БДБ-ның «Бастамашылық сұрау салулар» кіші жүйесі БДБ-ның есептері бойынша барлық қолда бар ақпаратты бере отырып, нақты есеп объектілері (деректемелері) бойынша ақпараттарды енгізу, жүктеу, импорты кезінде қалыптасатын сәйкестіктерді автоматты түрде өңдеуге арналған. Осы кіші жүйе орталық, облыстық, аудандық деңгейде тізімдік және статистикалық есептерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.». 1-тарау мынадай мазмұндағы 3.1-тармақпен толықтырылсын: «Бастамашылық сәйкестіктер - БДБ-да қалыптасатын есептілік деректерін сәйкестік мәніне автоматты түрде тексерудің нәтижесі.»; 1-тарау мынадай мазмұндағы 3.2-тармақпен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 3600 тг
|