Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Біріктірілген деректер банкінің бастамашылық сәйкестіктері бойынша хабарламаларды өңдеу регламентін бекіту туралы (2015.18.12. берілген өзгерістермен)
ІІМ-нің Біріктірілген деректер банкін пайдалану кезінде мүдделі қызметтердің өзара іс-қимыл жасасу деңгейін арттыру, сондай-ақ қылмысқа қарсы күресте, қылмыстарды ашуда және алдын алуда тиімділігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Біріктірілген деректер банкінің бастамашылық сәйкестіктері бойынша хабарламаларды өңдеу регламенті (бұдан әрі - Регламент) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаменттерінің және дербес басқармаларының, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары жеке құрамның осы бұйрықты зерделеуін және Регламент талаптарының мүлтіксіз орындауын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Ғ. Демеуовке, Ақпараттық-аналитикалық орталығына (Р.Н. Закаргаева), Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 30 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Біріктірілген деректер банкінің бастамашылық сәйкестіктері бойынша хабарламаларды өңдеу регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы регламент Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Біріктірілген деректер банкінің (бұдан әрі - ІІМ БДБ) есептерімен анықталған бастамашылық сәйкестіктер бойынша хабарламаларды өңдеу кезінде ішкі істер органдары (бұдан әрі - ІІО) бөліністерінің жұмысын және өзара іс-қимыл жасасуын айқындайды. ҚР Ішкі істер министрінің 2015.18.12. № 1032 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|