Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының қаржы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 989 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының орналасу үшін мемлекеттік аудитор біліктілігін куәландыратын сертификаттың болуы қажет лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 591 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12503 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|