Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының сегізінші, он үшінші, он жетінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма үшінші, жиырма алтыншы, жиырма сегізінші, отыз екінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз жетінші, отыз сегізінші абзацтарын, 4-тармағының отыз сегізінші, елу алтыншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 4. Өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы және елуінші абзацтарының қолданылуы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, осы абзацтар тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 1) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін: «191) мынадай: бастауыш білім беру; негізгі орта білім беру; жалпы орта білім беру; білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскерилер, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру; білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскерилер, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру; рухани білім беру үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру;»; 2) 2026 жылғы 1 қаңтардан 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін: «191) мынадай: бастауыш білім беру; негізгі орта білім беру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|