Банктік заем шартының міндетті талаптарының тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы (2015.30.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2016 жылғы 28 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы Заң) 34-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде - 4602 нөмірімен тіркелген) 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысында айқындалған ұғымдар пайдаланылады деп бекітілсін. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015.30.10. № 200 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Екінші деңгейдегі банктер, оның ішінде ислам банкі және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, банктік заем операцияларын жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, банктің жекелеген операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - банк) жасасатын банктік заем шарты (бұдан әрі - шарт) шарттардың тиісті түріне арналған Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген талаптардан, тараптардың келісуі бойынша айқындалған талаптардан, сондай-ақ мынадай тізбеге сәйкес міндетті талаптардан тұрады: 1) шарттың жалпы талаптары; 2) заемшының құқықтары; 3) банктің құқықтары; 4) банктің міндеттері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|