|
|
|
Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-3 Қаулысы
Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 1 қаңтардағы № 16-6 Қаулысымен күші жойылды
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.А. Турдиев, мына құжаттарды: Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 44; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 44 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 55 қаулыларын; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен бекітілген «Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын; Ауыр жіті респираторлық синдром-2 (SARS-CoV-2) коронавирусынан туындаған коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі - CОVІD-19) сырқаттанушылық бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап, Есептік өлшемшарттар негізінде COVID-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы - 16,7%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) - 0,879 құрағанын анықтадым. Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының «дельта» («үнді» В.1.617.2), «альфа» («британдық» В.1.1.7), «бетта» («оңтүстік африка» В.1.351), «гамма» («бразилиялық» Р.1), «каппа» («үнді» В.1.617.1), «йота» («нью-йорк»), «ета» («нигерлік»), «омикрон» (оңтүстік-африкалық) және өзге де штаммдарының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) және 7) тармақшалары, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104-баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 16 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: 3 қосымша осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті. 3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін. 4. «Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 11 қарашадағы № 16-1 қаулының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.
Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-3 қаулысына 1-қосымша
Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 12 қаулысына 3-қосымша
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 44 қаулысына 5-қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары, «жасыл мәртебе» болған кезде
* - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |