«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 954 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 392-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі (бұдан әрі - тізбе) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін тізбенің 3-тармағының 13), 14) және 15) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 102 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген
Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі
1. Протездiк-ортопедиялық құралдар: 1) қол протездерi (иық протездерi, білек протездерi, қол-саусақ протездерi); 2) жілiншiк протездерi; 3) жамбас протездерi; 4) кеуде бездерінiң протездерi; 5) аппараттар, туторлар; 6) балдақтар, таяқтар, жетек арбалар; 7) корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар; 8) бандаждар, емдік белбеулер, балалардың профилактикалық шалбаршалары; 9) ортопедиялық аяқкиім және қосымша құрылғылар (кебiстер, супинаторлар); 10) аппараттарға арналған аяқкиім; 11) жейде киюге арналған құрылғы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|