«Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 218 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 163 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 218 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5228 нөмірімен тіркелген, «Кызылординские вести» және «Сыр бойы» газеттерінде 2015 жылғы 24 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С. Ж. Сүлейменовке жүктелсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2016 жылғы 29 ақпандағы № 359 қаулысына 1-қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|