«Солтүстік Қазақстан облысының су объектілерінде және су шаруашылығы үймереттерінде көпшіліктің демалуына, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 99 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Солтүстік Қазақстан облысының су объектілерінде және су шаруашылығы үймереттерінде көпшіліктің демалуына, туризмге және спортқа арналған орындарды белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 99 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1780 тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін: 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Г. Нурмухамбетов
«КЕЛІСІЛДІ» «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экология департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстарын пайдалануды реттеу Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|