2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Осы редакция 2021 жылғы 4 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 8-бабының 2-тармағына, 75-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ: 1. Түркістан облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер - 868 359 618 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер - 29 480 750 мың теңге; салықтық емес түсiмдер - 713 405 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 23 606 мың теңге; трансферттер түсiмi - 838 141 857 мың теңге; 2) шығындар - 867 254 428 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу - - 8 837 355 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 5 696 128 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 14 533 483 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 233 036 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 233 036 мың теңге; 5) бюджет профициті - 9 709 509 мың теңге; 6) бюджет профицитін пайдалану - - 9 709 509 мың теңге. 2. 2021 жылға корпоративтік табыс, жеке табыс салықтар және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері: ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы және төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне - 50 пайыз; облыстық бюджетке басқа аудандардан (облыстық маңызы бар қалалардан) - 50 пайыз; төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша Созақ ауданынан басқа аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне - 50 пайыз; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|